Саяси тұтқындарды қолдау акциялары

4 тамызда таңертең Шымкент орталығындағы Абай саябағында отызға жуық адам “Қазатомөнеркәсіп“ компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті қолдап, акция өткізді. Қолдарына “Мұхтар Жәкішевке бостандық!“ деген жазуы бар плакат ұстаған азаматтар оның заңсыз қудаланып жатқанын айтып, босатуды талап етті. Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданы Малиновка елді мекенінде орналасқан АЛЖИР музейінде (Совет одағы кезінде Қазақстанда болған отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері – ред.) бір топ азамат саяси тұтқындарды қолдау акциясын өткізді. Елдегі саяси тұтқын ретінде танылған немесе сол статусқа лайық 28 азаматтың суретін ұстаған 20-дан астам азамат акция кезінде әр тұтқынның “не үшін қудаланғанына“ тоқталып, кім екенін айтып отырды. Акцияға қатысушылардың әрқайсысы сөзін бітірген кезде бәрі бірігіп, “Бостандық!“ деп айқайлады. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында да осыған ұқсас акциялар өткен. Оларға қатысушылар елдегі саяси тұтқындарды босатуды талап еткен. Мұндай акциялардың соң
Back to Top