Полиция Алматыдағы наразыларды қалай ұстады?

ШҰҒЫЛ ХАБАР: Саяси тұтқындарды босатуды талап етіп шеруге шыққандарды полиция ұстады. Бейсенбі күні дәл осындай наразылық акциясына Алматыдағы Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысындағы опера және балет театры жанында ондаған адам жиналды. Олар қолдарына қазақстандық құқыққорғаушылар саяси тұтқындар санатына жатқызған адамдардың портреттерін ұстап, биліктен оларға бостандық беруді және азаптауды тоқтатуды талап етті.
Back to Top