Атырауда аяқ алып жүргісіз батпақтың кесірінен балалар үш күннен бері сабақтан қалып, үлкендер үйлерінен шыға алмай отыр. Белуардан балшыққа батқан тұрғындар арыз-шағымдарын жергілікті билікке жеткізгендерімен, ешқандай нәтиже болмай отыр деп тілшілерден көмек сұрады.