Телефон
Білім алып жүрген ару шетелдегі
Қылығың бал ма,әлде шекермеді?
Зуылдаған ұшақпен жаныңа ай шіркін-ай жетермеді
Қайтейін қасыңа бір-ақ бара алмаймын
Бәрібір тіл білмеймін таба алмаймын
Сағынышқа ән мен әзіл қосып айтеуір мен амалдаймын
Қ/сы: Телефоның кейде-кейде
Байланыстан тыс бір жерде
Жаным жыл құсындай сенде
Оралсаңшы туған елге
Арман қуып басқа елге сапар шектім
Аңсаймын алаңдаймын алыс кеттің
Ұмытсаң ана тілін аяулым
Ата-анама не демекпін?
Әзіл бар сағыныш бар,бәріде бойда
Күтіп жүр дайындалып елім тойға
Әр нәрсені сылтау етіп сәулем
Шет елде,тек қалып қойма,қалып қойма