Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2014 жылғы Инчхонда өткен Азия ойындарының жеңімпазы атанған, бүгінде “Астана арландары“ командасының боксшысы Ілияс Сүлейменов Open Ring бағдарламасында қонақ болып, өткен маусым туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, жоспарларын да жайып салып, алдағы уақытта кәсіпқой боксқа ауысқысы келетінін жасырмады.