Сайлау заңнамасына сәйкес әрбір республика азаматы 18 жастан бастап дауыс беруге құқылы. Олардың арасында ғасыр жасаған сайлаушылар да бар. Солардың бірі - Ақтөбелік кейуана. Айта кету керек, 104 жасына қарамастан әжеміз тың екен, азаматтық борышым деп біліп, учаскеге өз аяғымен келіпті.
Елордада елбасы мен президент дауыс берді. Нұр-Сұлтан қаласы елдің саяси орталығы десек, Алматы мәдени ордасы. Онда ел ағалары, зиялылар мен өнер жұлдыздары таңдау жасады. Ал миллионер қалалардың қатарына кейін қосылған Шымкентте сайлау учаскесіне келгендерге сый жасалды.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан