РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ: “БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ: БОЛЖАМДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР“

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде VIII Бекхожин оқулары аясында «БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ: БОЛЖАМДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. «Баспасөздің болашағы: болжамдар мен практикалық шешімдер» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция дәстүрлі «Бекхожин оқулары» аясында өткізілді. Конференцияға Қалижан Бекхожиннің туыстары, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, Журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысты. Қосымша ақпарат: Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин (1910-1979 ) – еліміздің журналистика ғылымы мен білімінің ірге тасын қалаушы, көрнекті қазақ журналистерінің бірі. Ол 1929-39 жылдары «Кеңес туы» және «Колхоз» (Павлодар), «Екпінді» (Семей) аймақтық басылымдарында журналистік қызмет атқарды. 1942 жылы ҚазҰУ-дың журналистика бөлімін тәмамдады. 1943 жылдан бастап Отан соғысы аяқталғанға дейін Қостанай облыст
Back to Top