Борышы барларға зейнетқордағы артық ақшасы берілмесін!
Зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін шешім алатын борышкерлерден берешегі ұсталмасын. Мәжіліс депутаттары Үкіметке осындай ұсыныс жолдап отыр. Халық қалаулыларының айтуынша, мұндай құқы бар 700 мыңнан астам қазақстандықтың арасында несие, алимент сынды қарыздары барлар да болуы мүмкін. Заң бойынша сот орындаушылары борышкердің зейнетақы мен жәрдемақы алатын шоттарын бұғаттай алмайды. Ал зейнетақры қорынан аударылатын активтер бұл тізімге жатпайды екен. Депутаттар оған өзгеріс енгізуді сұрап отыр. Өйтпеген жағдайда баспана алуға, емделуге және қаржылық компанияларға ғана жұмсауға болатын қаржы өзге мақсаттарға жаратылып кетуі мүмкін. Үкімет басшысы Асқар Мамин халық қалаулылары айтқан ұсыныс ескерілуі үшін тисті заңнамаларға өзгерістер енгізу жнінде тапсырма беріпті.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар
13 views
2
0
4 years ago 00:00:47 19
Борышы барларға зейнетқордағы артық ақшасы берілмесін!