Алла жіберетін бәленің ең жаманы
Мұса пайғамбардың қауымы надандықпен күнәлі істерді көп жасап, Алланың алдында айыпты болады. Алла тағала оларға наразы болып, Мұсаға:
– Әй, Мұса, қауымыңа ескерт. Үш түрлі бәле жіберемін. Біреуін таңдасын. Біріншісі – зұлмат ашаршылық, екіншісі – індет, үшіншісі – елдің ынтымағын жойып, бір-бірімен алауыз қыламын. Біреуін таңдап, үш күннен соң жауабын беріңдер, – деді.