Dalatunes: бір күйдің тарихы | история одного кюя: «Салтанат»
[БІР КҮЙДІҢ ТАРИХЫ]
? «Салтанат» күйі
Бұл әсерлі, щуақты, махаббат пен мұңға толы музыка. Оны тыңдағанда — бір мезетте сағыныш пен нұрға бөленесің.
«Салтанат» күйі — Төлеген Момбековтің ең белгілі шығармаларының бірі. Тарихы мынадай: композитор мен оның зайыбы Пернештің алты баласы болды. 1969 жылы Пернеш қайтыс болып, балалардың тәрбиесі Төлегеннің өз мойнына жүктеледі. Бірде күйшінің төрт жасар қызы Салтанатты ағасы ренжітіп қояды. Қызы жылап: «Бәрін де мамама айтамын, мен бәрін де мамама айтамын!» — дейді. Кішкентайын жұбату үшін Төлеген қолына домбырасын алып, күй ойнайды. «Салтанат» күйі осылайша дүниеге келген еді. Композитор онда өзінің жарына деген сағынышы мен махаббатын, анасыз қалған балаларының қайғысын жеткізеді.
*
Төлеген Момбеков — домбырашы, күйші-композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Атақты күйші Бапыш Қожамқаровтың немересі. Төлегенге алғашқы музыкалық білімді берген осы атасы.
? Бұл шығарманы түрлі орындаушылардың қалай ойнағанын тыңдап көріңіздер.