“Ерліктен елдік аялдамасына дейін“ шеруі

9 мамыр - Ұлы Жеңіс Күніне орай ел тыныштығы үшін, бейбіт өмір үшін сұрапыл соғыста жанын аямай жау соққысына төтеп беріп жерімізді қорғап қалған ата-бабаларымызды, батыр ардагерлерімізді еске алуға арналған “Ерліктен елдік аялдамасы“ атауымен шеру өтті. Шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздар мен бүгінде арамызда жоқ майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастау алды. Әскери оркестрдің әуенімен соғысқа қатысқан туыстарының суреттерін алып жүрген 800-ден астам Атырау қалласының тұрғындары Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Атырау қаласының əкімдігінің қолдауымен жəне Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада бейбіт күнді бейнелейтін ақ көгершіндер көкке ұшырылды. #ҰлыЖеңісКүні #ДеньВеликойПобеды #СднемПобеды #9мамыр #9май #Жеңіскүні #ДеньПобеды
Back to Top