Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петров көшесінің бойында Haval автокөлігінің жүргізушісін ұстады, тінту барысында оның күртесінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді 30 орама табылып, тәркіленді.
Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары осындай тағы 76 ораманы тапты. 33 жастағы ер адам интернет-дүкенде есірткіні орап, жинап және таратумен айналысқанын мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде қоқыс контейнерінің жанынан есірткі заттарын жасырған орын анықталды. Үлкен сөмкенің ішінен таразылар, ZipLock қалташалары, жабысқақ таспа мен есірткі табылды. Сараптама нәтижелеріне сәйкес тәркіленген есірткі салмағы 43,23 грамм кокаин, 600 грамм мефедрон, 100 грамм альфа- PVP екені анықталды.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
________________________________________________
Сайт:
Telegram-канал:
1 view
10
2
6 months ago 00:00:56 1
Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі
3 years ago 00:03:27 1
Кәсіп иелері карантиді пысқырмай отыр
4 years ago 00:01:37 1
Есірткі тасымалдаған деструктивті діни ағым мүшелеріне қатысты тергеу жалғасуда
5 years ago 00:01:30 1
Елордалық үлгілі полицей миллион теңге пара талап еткен