ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 367-баспана кілті берілді
Жаңа баспана Түркістан қаласының тұрғынына табысталды. Пәтер иесі Маржан Үсенова – асыраушысынан айрылған, екі баланың анасы. Бұл отбасыға үй толық жасау-жабдығымен тарту етілді.
367-баспананың кілтін Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов табыстады. Қала имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы Рамазан айында 3 үй беру жоспарланғанын айтты. Түркістан қалалық орталық мешітінің зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жаһангир Абдуалиев үйге ақша көпшіліктің зекет және садақа есебінен жиналғанын атап өтіп, қол ұшын созған азаматтарға ризашылығын білдірді.