ЕЛ БІРЛІГІ - ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ тағы да қонақтарды қабылдады. “Мәңгілік Ел“ он күндігі аясында, Атыраудағы Елбасы мектебіне облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қонаққа келді. Оқушыларымызға мерекелік ән шашу сыйлап, көңілді думанның көркін қыздырған түрлі ұлт өкілдері осылайша Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлады.
Back to Top