Прыжок Афалины/ 2009
Фильм желісі бойынша Қазақстандағы Президенттік сайлау қарсаңында Мәскеуде жүрген сауда қызметкері тапа-тал түсте оққа ілігеді. Істі жүргізу үшін ІІМ қос қызметкері Тимур Мансұров (Фархад Аманқұлов) пен Майя Кәрімова (Дарья Мороз) Ресей астанасына аттанады. Сол жақта олардың тобына ресейлік әріптес подполковник Матвеев (Константин Стрельников) те қосылады. Олар аталмыш істі қазбалай жүріп, оппозициялық күштердің ұйымдасқан саяси қылмысының шырмауығына шырмалады. Құйтырқы саясатты қолдайтын қылмыстық топ Ақтау портында кездесу өткізетін Қазақстан және Ресей Президенттерін бір оқпен атып алмақ болады. Ондағы оғы – арнайы соғыс қимылдарына үйретілген дельфиннің бір түрі – афалина. Афалинаға байланған бомба қос Президент мінген кеменің астынан жарылуы тиіс еді. Алайда тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен шапшаң қимылының арқасында бұл «ғасыр сұмдығы» іске аспай қалады.