Қарағандыда жерге қадалған пышақтар жұрттың зәресін ұшырды.

Қарағандыда жерге қадалған пышақтар жұрттың зәресін ұшыруда. Мұндай жағдай өңірде жиі орын алатын көрінеді. Бұл туралы порталы “Еуразия“ бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жақында қаланың Назарбаев даңғылындағы саябағында жұмыскерлер бес түрлі жерге қадалған 20 асүй пышағын тапқан. Олардың әрқайсысына жасыл лента екі рет түйіншектеліп байланған екен. Ал кейбіріне, тіпті шикі бауыр еті қадалған. Одан бөлек пышақ айналасына тиындар шашылған. Мұны кім және не үшін істеп жүр? Саябақ басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бұл жайттан кейін олар саябақта жұмыс істеуге қорқып қалған. Наталья Ежова пышақтарды таба салысымен, бірден полицейлер шақыртуды дұрыс санаған. Ол пышақтарды өзі алып тастауға қорыққан екен. “Жағымсыз әсерде қаласың. Мұның кімге керек екенін білмедім“, - дейді басқарма қызметкері. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан жап-жаңа 20 асүй пышағын тәркілеген.Пышақтан ешбір адамның саусақ іздері табылмапты.
Back to Top