Астанада Димаш Кұдайбергеннің жеке шығармашылық кеші өтеді

«Арнау». Осындай атаумен Димаш Кұдайберген Астана күніне орай, жеке шығармашылық кешін өткізеді. Концерт 4-5 бөлімнен тұрады деп жоспарланып оытр. Бағдарламада қазақтың халық әндері, отандык және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалады. Яғни, қазақ, ағылшын, француз, орыс, итальян тілдерінде ән шырқалмақ. Әлбетте, заманауи әрленген Димаштын авторлық туындылары да Астана аспанын тербемек. Концерттің бүкіл ұйымдастыру, түсірілім жұмыстары жалпы, ақпараттық қолдауды «Qazaqstan» Ұлттық арнасы көрсетеді
Back to Top