Соңғы шығарылымның шыққанына екі-ақ күн өтсе де, жаңалықтар легі жиналып қалыпты. Кеше күтпеген жерден карантин шараларының жеңілдеуі туралы хабар тарады. Бәрі сарыла күткен кинотеатрлар ашылмақ. Бұған дейін екінші толқын деп қорқытып, енді кенеттен мұндай шешімге келулеріне не себеп болды екен? Жалпы карантиннің жеңілдеп не қатаңдауы қандай факторға байланысты екені туралы нақты анықтама да жоқ. Одан бөлек қаржы мониторингі комитетінің хабарлауынша, биыл бюджеттен 360 миллиард теңге жымқырылған. Ең қорқыныштысы - бұл бізге белгілі сома ғана. Қаржы мониторингінің көзіне ілікпейтін, жымқырған ақшасы су бетіне шықпағаны қаншама. Бүгінгі шығарылымда осы тақырыптар туралы және Борат рөлін сомдаған Саша Барон Коэнге іздеу салған “Дикий Арман” және Беларусь пен Қырғызстандағы соңғы жаңалықтар туралы сөз қозғайтын боламыз.