Өмірқұл Айниязов - Арман-ай

Өмірқұл Айниязов - Арман-ай; Кірпігіңе ұялаған таңғы нұр, Сәулем бізге тағдыр жазсын бал ғұмыр. Қол ұстасып шын бақытқа жетейік, Жүрегіміз соға берсін мәңгі бір! [Қайырмасы] От жанарың жүрегімді жаулады-ай. Армандаған сезім оты лаулады-ай. Біздер жаққан махаббаттың алауы, Мәңгілікке сөнбесе екен, арман-ай! Бірге жүрсек бағымызды бағалап, Ертегідей күй кешеміз ғаламат. Мені сүйген мынау жарық жалғанда, Жүрегіңнен айналайын адал-ақ! Әні: Мұзарап Ануарбеков, Сөзі: Асхат Қылышбеков Жүктеу:
Back to Top