Бұл өлеңді тыңдай бергің келеді Жақсы көрем Болат Жөкебай #поэзия

Болат Жөкебай - Жаксы корем (2022) Жүктеу: Жақсы көрем.... Өзің барда өзгені елемегем. Ешкімге ұқсатпағам, теңемегем. Жанымның жақсы көрген періштесі. Алыстасың соншалық неге менен.? Кейіпкері жазылған ән жырымның. Өзіңдей ұға алады жан сырын кім? Жан дүниемді өзің ғой жарық қылған, Нұрлы таңы тамаша тағдырымның. Шын бақыт деп өмірде аталатын. Сол бақытқа жетелеп апаратын. Жүрегімді мәңгілік мекендеген, Сенсің менің сол адал махаббатым. Маған ғана сезіммен төккен нұрын. Сен солмайсың кеудемде көктем гүлім. Жылуы мол жанымның перизаты, Жақсы көрем мен сені мөп-мөлдірім... Болат Жөкебай
Back to Top