Bir Óleń... / Жадыра Байбұланова - ЖЫНЫМА ТИМЕШІ!

Сағыныш ауылы алыстап, Қызғаныш дерт болып жабыстың. Бақытсыз күндерім қалыс қап, Жанымда жүрсең де, алыссың. Ақталу күтпеймін, ақтауды, Телефон кінәлі тағы да – Базбіреу «жаным» деп сақтаулы, Мен, бәлкім, жай ғана «Жадыра». Сол қыз ба тағдырдың қосқаны? Бақытың сол ма енді былайғы? Кезіге қалса да достарың, Мен емес, Ол жайлы сұрайды… Өбесің, құшақтап несіне? Оны да осылай сүйгенсің. Үміттей үзілген кешіге, Үздіксіз үзілді түймесі… Қысқасы, жыныма тимеші?..
Back to Top