Қызылордада 5 әлеуметтік дүкен ашылды. Сауда орындарында көкөніс және жеміс-жидек өнімдері базар бағамынан арзан сатылады. Жалпы облыс аумағында осындай 17 нысан жұмыс істеп тұр. Жаңа дүкендердің ашылуымен өнімдердің бағасы тұрақталып, жұртшылықтың арзан азыққа деген сұранысы артты. Әдетте қыс айларында бағасы қымбаттай түсетін көкөністер мен жеміс-жидектерге деген сұраныс артқан. Облыс орталығында төмен бағада өнімдер сатылатын дүкендер желісі іске қосылды. Сауда нүктелерінде таң сәріден бастап тұтынушылар қатары көп. Бүгінде мұнда әлеуметтік маңыздағы азық-түліктер базар бағамынан 15-20 пайызға арзан сатылуда. Сейілхан Бижанов, Қызылорда қаласының тұрғын