Rynat Gaysyn, Aygul Ulkenbaeva-Saltanat
1969 жылы қазақтың талантты күйші-композиторы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен артында қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: «Апама айтам» деп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйшінің көңілін мұң тербеп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: «Қайтемін, жаным-ау» деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын «Салтанат» деп қояды. Бұл шығармада тұрлаусыз жалған да, зулап өткен бақытты шақтар да сәби жүрегінің анаға деген зарлы сағынышы да баянсыз бес күн тірлік те жүректен шығып, әр жүрекке жете орындалады.
http://