Арыста жараланған баланың жағдайы ауыр

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, Арыстағы жарылыс кезінде жараланған үш адам әлі ауруханада жатыр. Солардың бірі 8 жасар Аян Шәріпбектің халі ауыр. Шәріпбек қазір Нұр-Сұлтандағы ауруханалардың бірінің жан сақтау бөлімінде жатыр. 24 маусымда Арыстағы қару қоймасында жарылыс болып, адамдарды эвакуация жасаған кезде 8 жасар Аян Шәріпбекті көлік қағып, басы жарақаттанған еді.
Back to Top