Рамазан айы құтты болсын! подкаст жобасы қасиетті айдың қарсаңында Рамазан, ораза тақырыбына жаңа подкаст түсірді.
Көптен күткен жаңа подкасттың қонақтары дінтанушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Арабтану» орталығының директоры Еркінбек Шоқай мен Алматы қаласындағы «Төле би» мешітінің бас имамы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD докторант Ерсін Әміре Рамазан айы жайлы, оразаға қатысты мәселелерді кеңінен талқылады. Сондай-ақ ұстаздар жобасының негізін қалаушы Жанболат Сапашовтың қазіргі қоғамдағы өзекті проблемаларды қамтыған сауалдарға да жауап берді.
0:00 Анонс
1:11 Рамазан айы құтты болсын!
1:48 Подкаст қонақтары
2:26 Рамазан айының сыры
5:19 Оразаның мақсаты
11:57 Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
14:17 Исламға қарсы насихат
19:26 Намаз оқымай, ораза ұстайтындарға кеңес
20:28 Амалдың қабыл болуының белгісі
22:36 Рамазан айына қатысты білімді үйрену керек
27:29 Құлшылық жеңіл болу үшін не істеу керек?
30:08 Рамазан мереке айы ма, құлшылық айы ма?
38:26 Пітір садақасының мөлшері
39:22 Пітір садақасы кімге беріледі?
40:10 Не үшін пітір садақасы мешітке беріледі?
43:47 Рамазан айын садақа үшін пайдалануға бола ма?
47:17 Оразаның түрлері
53:46 Сапардағы ораза
58:30 Оразаның кәффараты
1:00:52 Дінді мазақтап, әзілдеуге бола ма?
1:05:24 Дінді қалжыңмен насихаттауға бола ма?
1:10:25 Ораза тұтпаған адамды ауызашарға шақыруға бола ма?
1:14:00 Рамазанда күндіз ас беруге бола ма?
1:19:11 Рамазаншыл болма, құдайшыл бол!
1:22:14 Дін дұшпандарының дінге қарсы жұмысы — тапсырыс
1:30:26 Біз толерантты қоғамды қалыптастыра алмадық!
1:35:08 Дін — саясат құралы емес
1:40:07 Пайғамбардың атынан жалған сөйлеу
1:43:47 Құран оқи алмайтындарға арналған мүмкіндік