Бүгін Ұлы Абайдың туған күні! 10 тамыз- «Абай күні» болып бекітілді. #shorts

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІ! Бүгін Ұлы Абайдың туған күні! Үкіметтің арнайы қаулысымен 10 тамыз — «Абай күні» болып бекітіліп, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні Семей облысының Шығыс тауларында дүниеге келген. Ұлы ақын, ғұлама, ойшыл, ағартушы, аудармашы, композитор, қазақ халқына біткен бірегей тұлға Абай Құнанбайұлының туылған күні ұлтымыз үшін ұлық мереке саналары сөзсіз! «Абай күні — ғылым мен білімнің шырағы жанған күн» деп бекер айтылмаса керек. Абай – тұтастай адамзат ой-танымын жаңғыртуға жол сілтеген шамшырақ, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы қашанда үлгі. Баршаңызды рухани мереке – Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Ақпарат бізден, бағалау сізден!❤ Бізге тіркеліп, қолдап қойыңыз.✊ INSTAGRAM: ВКОНТАКТЕ: FACEBOOK: #ҰлыАбайдыңтуылғанына178жыл #abay #abai #абай #абайқұнанбайұлы #абайжолы #қазақстан #түркістан #казахстан #туркестан2023 #kazakhstan #turkistan #shorts #shortsvideo #абайкунанбаев
Back to Top