Қоғамда хиджаб пен никабқа қатысты дау жиі туындайтын болған
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: @informburo31kanal?sub_confirmation=1
---------------------------------------------
Елімізде қара түсті хиджаб киетін қыз-келіншектер көбейіп барады. Бастан-аяқ бүркенгендердің қатарында мектеп оқушылары да бар. Тіпті, ниқабты қазақтың ұлттық киімі деп түсінетіндер де аз емес екен. Осы тұста халық пікірі қандай, дінтанушылар мен этнографтар не дейді? Әріптесім Диана Тұрлыбек жалғастырады.
Этнограф Гүлжан Мейірманованың сөзінше, хиджаб пен ниқаб арабтың киімі. Байырғы қазақ қыздары оранбаған және оларға ешқандай тыйым салынбаған дейді.
ГҮЛЖАН МЕЙІРМАНОВА ЭТНОГРАФ
Жалпы қыз балалар арнайы кәмшат бөрік киетін болған бастарына. Қарапайым күні қарапайым тақия киген. Ал, ұзатылатын кезде міндетті түрде сау келе жатыр деген мағынада сәукеле киетін болған. Қазақ әйелдері, қазақ қыздары жалпы мүлде хиджаб кимеген. Еркін болған.
Ал дінтанушы Әл-Фараби Болатжанның айтуынша, шариғатта хиджаб кию – міндет деген сөз жоқ. Тек, мұсылман әйелдеріне етек-жеңін жауып жүру ғана парыз етілген.
ӘЛ-ФАРАБИ БОЛАТЖАН ДІНТАНУШЫ
Жаңағы араб елдерінде ыстық борандар болады. Сол себепті бетін құмнан жабу үшін осылай киетін әйелдер. Бірақ, қызығы мысалы қажылыққа барған кезде ниқап тағуға болмайды. Ондай тыйым бар. Демек, әйелдер онда бағанда беттерін ашып, қолғаптарын шешу керек. Хиджаб деген сөз мысалы, Құранда 7 рет кездеседі. Бірақ, бір де бір рет әйел адамның киімі ретінде кездеспейді. Ал, ниқап деген сөз мүлде жоқ.
Қоғам пікір осы тұста екіге бөлінді. Бірі - бұл киім түрі қазаққа жат десе, кейбірі әркімнің өз таңдауы бар екенін айтады.
Көзін ғана көрсетіп жүруге мен қарсымын. Бұрын бізде кимешек, камзол болды ғой соны сақтау керек.
Бізде ондай жоқ қой, Араб Эмираты емеспіз. Топырақ бетімізге шашылатындай. Білмеймін, қазақтарға жат деп ойлаймын.
Ол не керек ол? Қазақ па, түрік па, қырғыз ба білмейсің. Тем более жастарға ұяттау.
Енді әркімнің өзінің таңдауы бар шығар енді. Әркім өзіне жауап береді. Солай жүрген может дұрыс шығар. Біздікі бұрыс шығар. Екі жақты қарау керек кой.
Айта кету керек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайда хиджабқа қатысты пікір білдіріп, салт-дәстүрімізден ажырамау керектігін айтқан болатын.
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 @informburo31kanal
Informburo kz @informburokz2022
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok - @informburo31?_t=8jqWjxPD6n8&_r=1
Біздің сайт: және
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
1 view
466
119
6 months ago 00:02:44 1
Қоғамда хиджаб пен никабқа қатысты дау жиі туындайтын болған
10 months ago 01:23:35 1
Қазақстан соғысқа дайын болуы керек
1 year ago 00:29:39 1
«Дінді пайдаланып билікті алмақ» – Ринат Зайытов, 80% қайдан шықты?
1 year ago 01:34:01 1
Салафиттер жас қыздармен некелесуде | Халифат | Діни ағым өкілдері билікке ұмтылуда| ТАЛҒАТ ЖАҚИЯНОВ
1 year ago 01:36:25 1
Алқашсың | 100 теңге сұрадым | Жоқшылық | Өнер қырандарын кім қаржыландырады? | ЛГБТ насихаттаппыз