Ислами ренессанс #4: Әл-Туси - Тригонометрия атасы || Гелиоцентризм идеясы
✅ ӘЛ-ТУСИ – ТРИГОНОМЕТРИЯ АТАСЫ
Тригонометрия – бұл үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арақатынасын зерттейтін математикалық сала. Оның негізін қалаған Әл-Баттани саналады. Алайда Әл-Туси оның өз алдына жеке математикалық пән ретінде дамуына ықпал еткен. Осылайша тригонометрияның ғылым ретінде қалыптастырған. Өзінің еңбектерінде синустар мен косинустарды анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапқан.
Енді құлақ түріңіздер, маңызды ақапарат. Николай Коперник өзінің гелиоцентрлік жүйесінің өзегі ретінде Әл-Тусидің “Туси жұбы“ деп аталатын шешімін пайдаланған. Егер Коперниктің кітабындағы сурет пен Әл-тусидің кітабындағы суреттері салыстыратын болсақ олар өте ұқсас. Тіпті шеңбердің нүктелерін белгілеген әріптеріне дейін бірдей. Мысалы Әл-Тусидің “Алиф / ﺍ“ нүктесі Коперникте “А“ деп жазылса, “Бә / ﺏ“ нүктесі “B“, “Жим / ﺝ“ нүктесі “G“, “Дәл / ﺩ“ нүктесі “D“ ретінде белгіленген.
Сонымен қатар Әл-Тусидің “Туси жұбы“ шешімі испандық еврей Абнердің (1270-1340) “Қисықты жөндеу (מישר עקוב / Meyasher ʿaqov)“ атты еңбегінде кездеседі. Яғни Абнер Әл-тусидің еңбегімен таныс болған және оның еңбегін иврит тіліне, әрі қарай испандық еврейлермен латын тіліне аударылған. Абнердің кітабындағы суреттерді Әл-Туси мен Коперниктің суреттерімен салыстырыңыз. Байқасаңыз, үшеуі де бірдей.
Дейтұрғанмен Әл-Тусидің еңбегі Коперникке нақты қалай жеткені әлі зерттеліп жатыр. Сонымен нысанада тағы бір кейіпкер пайда болады. Ол Коперниктің замандасы болған француздық лингвист, астроном әрі саяхатшы болған — Гийом Постель (1510-1581).
Сонымен “Туси жұбы“ деген не? Туси жұбы немесе Туси механизмі — диаметрі өзінен 2 есе кіші шеңбер үлкен шеңбердің ішінде айналатын математикалық құрылғы. Шеңберлердің айналуы кезінде кіші шеңбердің нүктесі үлкен шеңбердің диаметрін жағалай алға-артқа сызықты тербелістер жасайды. Бұл құрылғы төменгі планеталардың Яғни Мрекурий мен Шолпанның ендік қозғалысын түсіндіру үшін 1247 жылы ойлап табылған. Нәтижесінде Птолемейдің “Алмагест“ еңбегіндегі экванта ұғымын алмастырды. Осылайша Әл-Туси ежелгі гректердің геоцентрлік жүйесін жойып, жаңа гелиоцентрлік жүйенің іргетасын қалаған.
Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Хасан әл-Туси - парсылық эрудит, астроном, архитектор, философ әрі теолог болған ұлы мұсылман ғалымы. Ол 1201 жылы Тус қаласында туылып, 1274 жылы Бағдатта қайтыс болған. Бұқара халыққа Насир әд-Дин әл-Туси есімімен танымал. Әл-Туси сонымен қатар математиканы жақсы меңгерген, соның ішінде тригонометрияны дамытқан. Астрономия бойынша планеталардың қозғалысын сипаттайтын дәлме-дәл кестелері жасаған. Осылайша Еуропалық ғылыми ренессанстың тағы бір қоғаушы күшіне айналған адам ретінде белгілі. Осындай аңыз адамға рақмет айтайық!
КІЛТСӨЗДЕР: Аль-Туси, Физика, Химия, Астрономия, Медицина, Оптика, Математика, Ислам, Наука. #АльТуси #ҚұранМұғжизалары #ИсламиРенессанс
1 view
563
179
6 months ago 00:22:22 1
В Германии исламский Халифат ! Вы только что съели насекомых ! По TV США говорят ВЛАСТИ СТРАН ВРУТ !
6 months ago 00:29:15 1
АТЕИЗМ в раннем Исламе. Вольнодумцы халифата. Ар-Рази, Аль Раванди, Аль Маарри, Омар Хайям Абу Нувас
6 months ago 02:55:48 1
Исламский Ренессанс. Золотой Век Ислама - BBC Documentary
6 months ago 00:17:26 1
С чего следует начинать возрождение духовности. Интервью 2011 г. 5 ч.
7 months ago 00:24:33 4
В гараже случилось ЧУДО ! Ислам такие же сатанисты с насекомыми ! Украина и Гаити схожесть почерка !
7 months ago 00:09:37 1
Возрождение Наурыза. Первое празднование в СССР
8 months ago 00:03:06 1
МОХИТО - Руки прочь (Премьера клипа 2019)
8 months ago 00:19:16 1
La vague d’attaques islamiques qui vise nos calvaires - Alexandre Caillé
8 months ago 00:41:41 2
Новая исламская реальность в России | Александр Артамонов и Валентин Каськов