Бұл кісінің есімі Юсуф Зейн. Ол пәтуалы сөз айтатын ғалым да емес, уағызын ұйып тыңдайтын танымал дағуатшы да емес, халықты артынан ерте білетін әккі саясаткер немесе мұнай ұңғымалары бар бай шейх та емес, бар болғаны қалталы саудиялық шейхтардың отарларын бағумен, өз напақасын тауып жүрген судандық қарапайым қойшы.
Дегенмен, қарапайым қойшы болса да оны араб еліндегі мұсылмандардың екіден бірі таниды десек қателеспейміз. Юсуф Зейннің танымал болуына әлеуметтік желілерде желдей ескен төмендегі видео себеп болды.
Аталмыш Видеода қожайынының қойын бағып жүрген Юсуфқа әлде біреулер бір қойды 200 реалға сату жайлы ұсыныс жасайды. Ол аманатқа беріктігін көрсетіп, «қанша ақша берсеңде сата алмаймын, АЛЛАҺ көріп тұр» деп теріс ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартады.
Юсуф Зейннің аманатқа беріктігіне тәнтті болған қалталы азаматтар 500 мың реалға жуық қаржылай көмек көрсетеді. Оның ішінде Судан елінің басшысы Омар Башир: «Сен Судан елінің аманатқа беріктігін әлемге паш еттің» деп 100 мың реал берген екен.
Ол бар болғ