17 қалада кеңсесі бар қаржы пирамидасы құрықталды

Елімізде халықтан 3,9 млрд теңге жинап алған қаржы пирамидасының жолы кесілді. Жұрттың сеніміне кіріп, қалтасын қаққан пирамиданың 22 филиалы 14 облыс мен 17 қалада жұмыс істеп келген. Қаржылық мониторинг комитетітің мәліметінше, ұйым жұмысын 2019 жылдың қазан айында жолға қойыпты. Жұртты тақырға отырғызудың жолы мұнда да бұрынғыша. Алдымен азаматтар 180 мың теңге көлемінде кіру жарнасын төлеген. Содан соң оларға 10 ай бойы 50 мың теңгеден тұрақты түрде төлем жасау ұсынылған. Салынған 180 мың теңгенің 100 мың теңгесі тұтыну кооперативі шотында қалып, 80 мың теңге арнайы құрылған серіктестік шотына аударылып отырған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top