АЛҒАШҚЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қимастықпен қоштасып үлкен өмірге қадам басқан соң әркім де алтын ұя мектепті сағына аңсайтыны заңдылық. Міне, көкейдегі сағынышы қуанышқа айналған мектебіміздің бір топ алғашқы түлектері жуырда қонақта болып оқушылар мен ұстаздарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Әлемнің жетекші оқу орындарында білім алып жатқан алғашқы қарлығаштар студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы туралы баяндап, кездесуге келген мектеп оқушыларына өздері таңдаған мамандықтың ерекшеліктері жайында сыр бөлісті.
Back to Top