Армандастар

Ол журналист болғысы келді, алайда тағдыр жолы актерлікке әкелді. Софи Лорен, Мерил Стрип, Пенелопа Крус және тағы басқа «қол жетпес жұлдыздармен» қазақ қызы Самал Еслямова қатарласқан кезде – төбеміз көкке жетті. Аталған есім иелерінің барлығы әйел рөлін үздік сомдаған актриса атағына ие болған қыз-келіншектер. Бүгінгі «Армандастар» бейнежобасының кейіпкері – актриса Самал Еслямова. Петропавл өңірінде туған жерлесіміз «Айка» фильмінде басты рөлді сомдап, Канн фестивалінде Жылдың үздік актрисасы атанды. Мектеп бітіріп, өмірін журналистикаға арнауды ойлап жүргенде, Петропавл қаласында театр жанынан актерлік шеберлікке үйрететін курс ашылады. Әке жүрегі қызының гауһар тасқа айналатынын сезгендей, актерлік шеберлікке оқуға кеңес береді. Осылай Самал сол мектептен алған білімін жетілдіру үшін Мәскеуге аттанады. 2011 жылы ГИТИС-тің актерлік факультетін аяқтайды. Осы кәсіпке келгеннен бастап зерттеуді бастадым. Ол маған қызық болды. Әлі күнге дейін зерттеймін. Бұл кәсіп маған әлі де толықтай ашылған ж
Back to Top