ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Бүгін, қамқорсыз жандардың басын қосқан әлеуметтік шаңырақта үлкен мерейтой аталып өтті. Белгілі актриса Айымторы Тайғаринова 80 жасқа толды. «Қазақ газеттері» ЖШС мен Әйелдер клубы қарттар үйіне құттықтап барды. Кезінде қазақ сахнасына ерең еңбек сіңірген апамыздың ізінен ерген ізбасар шәкірттері- «Қуыршақ» театрының әртістері концерттік бағдарламамен көпшілікті қуанышқа бөледі.Өзімен үзенгілес әріптестері де Айымторы апамыздың көңілің бір марқайтты. Айымторы Каспийқызы, Ақмола облысының бұрынғы Ақмола ауданының «Шалқар» кеңшарында осыдан 78 жыл бұрын дүниеге келген. Балалық шағы ашаршылықтан Ұлы Отан соғысына ұласқан ауыр жылдарда өткен. Ата-анадан ерте айырылған соң, аға-жеңгесі бауырына басады. Сабақты жақсы оқиды. Тағдыр тауқыметімен кешкі мектепке ауысады. Күндіз халық сотына іс қағаздарын тасушы (курьер) болып жұмысқа орналасады. 1956 жылы Алматыға келіп, Алматы облыстық сотында қызмет істейді.Жұмыстан тыс көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып жүргенінде тума талантын байқатқан оны М.Әуезов атындағы
Back to Top