Мемлекеттік нмірсіз жрген клік жргізушісінен ару тркіленді
Қала жолдарында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген көлік жүргізушісінен суық қару табылды. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Тойота Камри» көлігі Тұран даңғылының бойында тоқтатылған. Тексеру барысында 35 жастағы жүргізушісінен тіркеуден шығарылған 12 мемлекеттік нөмір белгісі, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы мен 4 оқ тәркіленді.