Қол соғу арқылы қошемет көрсетуге бола ма?

Қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетуге байланысты дінімізде тікелей ешбір тыйым жоқ. Қошемет үшін емес, тікелей ғибадат мақсатында қол шапалақтауға қатысты Құранда мынандай аят бар: «Олардың (мүшріктердің) қағбадағы мінәжат, құлшылықтары – тек ысқырық пен қол шапалақтау болатын. Ендеше, күпірліктерің үшін азапты татыңдар!» («Әнфал» сүресі 35 аят) Исламға дейін құрайыштықтар қол шапалақтап әрі ысқырып жүріп қағбаны жалаңаш күйде тауап жасайтын. Яғни, ол кезде мүшріктерде қол шапалақтау мен ысқырық – құлшылық саналатын. Аятта исламға дейінгі мүшріктердің құлшылық түсінігі мен түрінің қандай төмен деңгейде болғаны айтылып отыр. Ал сауалда сұралғандай кісінің сөзіне немесе ісәрекетіне қошемет көрсету үшін қол шапалақтау – құлшылық мақсатында болмағандықтан бұл аяттың аясына кірмейді. Әсілі қошемет көрсету үшін қол шапалақтау – кейбір қоғамның үйреншікті әдетіне жатады. Сондықтан шариғат бойынша мұндай мақсатта қол шапалақтап қошемет көрсетуге тыйым жоқ. Бірақ мешіттің ішінде қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетп
Back to Top